Keruen Park – балалардың ата-аналарымен бірге белсенді, қызықты және қауіпсіз демалатын орын.

Паркте электрондық және компьютерлік автоматтар жоқ. Барлық аттракциондар жас ұрпақтың әлеуметтік, эмоционалдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған.

Орталық бірнеше аймаққа бөлінген:

«Jungle Park» — Астанадағы ең үлкен және ұзын, кедергілері бар лабиринт (ұзындығы 80 м, алаңы 1800 шаршы м); Аймаққа 1 - 14 жас аралғындағы балалар кіре алады.

«Tarzan Park» — арқан паркі, скаладром, қаһарман жолы, сонымен қатар, парктің ең жоғарғы нүктесінен секіруге болатын аймақ. Аймаққа (+7) балалар және ересектер кіре алады;

«Nemo Park» — белсенді ойындар аймағы, ең кішкентай балаларға арналған. Аймаққа 6 айлықтан 4 жасқа дейінгі балалар кіре алады.

«Шығармашылық студиясы» — мұнда балалар мұғалімдердің басшылығымен, өз қолдарымен сурет салуға, мүсін жасауға, әшекейлер мен бұйымдар жасауға үйренеді;

Паркте біздің қонақтарымызды анимациялық команда қуана қарсы алады, сонымен қатар ең қызықты ұмытылмас іс-шаралар үшін «Party room» қызмет атқарады.

Орталықта балаларға және ересектерге арналған мәзірі бар жеке фуд аймағы қызмет атқарады.

Хош келдіңіз!

Керуен паркінің 3D туры

«Keruen Park» балаларға арналған ойын-сауық паркінің құрылысы еуропалық стандарттарға сәйкес сапа деңгейінде жүргізілген, сонымен қатар еуропалық жабдықпен жасақталған.

Біз DIN EN 1176 қауіпсіздік стандарты бойынша сертификаты бар Қазақстандағы жалғыз орталық болып табыламыз.

Билеттерді сатып алу